Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Путинді Орталық Азия мен әлем үшін ең қолайлы саяси тұлға деп атады • Абай облысында көлік ұрлап, өртеген жасөспірімдерге сот үкімі шықты • Тоқаев Штайнмайерге «Алтын Қыран» орденін табыстады • Тоқаев Қазақстан-Германия инвестициялық-өнеркәсіптік бастамасын ұсынды • Түркияда мектеп шабуылдарынан кейін 3 810 адам ұсталды • Қазақстан Халық Кеңесі Абай облысында алғашқы көшпелі диалог алаңын өткізді • Тоқаев Путинді Орталық Азия мен әлем үшін ең қолайлы саяси тұлға деп атады • Абай облысында көлік ұрлап, өртеген жасөспірімдерге сот үкімі шықты • Тоқаев Штайнмайерге «Алтын Қыран» орденін табыстады • Тоқаев Қазақстан-Германия инвестициялық-өнеркәсіптік бастамасын ұсынды • Түркияда мектеп шабуылдарынан кейін 3 810 адам ұсталды • Қазақстан Халық Кеңесі Абай облысында алғашқы көшпелі диалог алаңын өткізді •

    «Қандай әдемі»: Димаш Құдайберген сүйінші жаңалығымен бөлісті (ФОТО)

    «Қандай әдемі»: Димаш Құдайберген сүйінші жаңалығымен бөлісті (ФОТО)

    Фото: Инстаграм

    Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген өзінің жаңа Yazgı әнін жазу жұмыстары аяқталуға жақын екенін мәлімдеді,  деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Қазір композицияға аздаған соңғы түзетулер енгізу ғана қалған.

    Өнер иесі жаңа туындысын тыңдармандарына ұсынуды асыға күтіп жүргенін айтып, жанкүйерлеріне жылы лебізін білдірді.

    «Сіздерге ұнайды деп үміттенемін. Менімен бірге болғандарыңызға рақмет. Мен сіздерді жақсы көремін», – деп жазды Димаш.

    Әнші бұл жазбасын қара былғары күрте киіп, мотоцикл жанында түскен суретімен бірге жариялады.

    Димаштың жаңа ән туралы жаңалығы желі қолданушыларының үлкен қызығушылығын тудырды. Жанкүйерлер әлемнің түкпір-түкпірінен пікір қалдырып, жаңа туындыны асыға күтетіндерін жазды.

    «Жаңа әннің шығуын асыға күтемін», «Біз де сені жақсы көреміз. Біз сені қолдау үшін осындамыз», «Әрбір жаңа музыкалық туындыңды асыға күтемін!», «Сен кереметсің», «Қандай әдемі, жүрегім бір сәт тоқтап қалды», – деген пікірлер қалдырған.

    Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің әрбір жаңа шығармасы халықаралық жанкүйерлері арасында үлкен қызығушылықпен қабылданады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →