Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 473,7 546,1 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда Еуропа мен Азияны жалғайтын үш ірі автокөлік жолының құрылысы басталды Мәдинадан Алматыға ұшқан ұшақ шұғыл түрде Оман қаласына қонды Ақтөбедегі концерттен кейінгі масқара: мәдениетсіз көрермен мен бейғам әкімдіктің әрекеті желіні шулатты Әкімдіктің әлегі: Ақтөбеліктер Бурабай көшесіндегі ойлы-шұқыр жолдан әбден мезі болды 35 млн теңге жымқырған: Астанада инвестициялық алаяқтыққа күдікті ұсталды Өскеменде Ертіске секірген жігіттің мәйіті екі аптадан кейін табылды Қазақстанда Еуропа мен Азияны жалғайтын үш ірі автокөлік жолының құрылысы басталды Мәдинадан Алматыға ұшқан ұшақ шұғыл түрде Оман қаласына қонды Ақтөбедегі концерттен кейінгі масқара: мәдениетсіз көрермен мен бейғам әкімдіктің әрекеті желіні шулатты Әкімдіктің әлегі: Ақтөбеліктер Бурабай көшесіндегі ойлы-шұқыр жолдан әбден мезі болды 35 млн теңге жымқырған: Астанада инвестициялық алаяқтыққа күдікті ұсталды Өскеменде Ертіске секірген жігіттің мәйіті екі аптадан кейін табылды

    Қазақстанда Еуропа мен Азияны жалғайтын үш ірі автокөлік жолының құрылысы басталды

    Қазақстанда Еуропа мен Азияны жалғайтын үш ірі автокөлік жолының құрылысы басталды
    Фото: Көлік министрлігі

    Қазақстанда Еуропа мен Азияны байланыстыратын «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдарының құрылысы басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы бұл стратегиялық жобалардың басталуына ресми түрде рұқсат берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Президент өз сөзінде бұл бағыттардың елімізді Еуразиядағы негізгі транзит хабы ретінде дамытудағы маңызы ерекше екенін атап өтті. Жаңадан бастау алған «Бейнеу – Сексеуіл» бағытындағы 800 шақырымдық жол Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерін Ақтау және Құрық порттарымен тікелей байланыстырады. Соның нәтижесінде Қытайдан Еуропаға дейінгі жүк тасымалдау қашықтығы 1 мың шақырымға, ал жеткізу мерзімі 3 тәулікке дейін қысқарады. Мемлекет басшысы бұл халықаралық магистральды «Арал-Каспий магистралі» деп атауды ұсынды.

    «Сонымен қатар жалпы ұзақтығы 774 шақырымды құрайтын «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» жолдарын кеңейту, түбегейлі жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл жолдардың құрылысымен отандық компаниялар айналысады. Құрылыс жұмыстарына 10 мыңнан астам жұмысшы тартылады. Жолдар толық салынып біткен соң жүк тасымалы 2,5 есе артып, жылына 13,2 миллион тоннаға жетеді. Басты мақсат – елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желінің біріне айналдыру», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Айта кету керек, Қазақстан арқылы қазіргі уақытта 8 халықаралық көлік дәлізі өтеді, олармен күн сайын 35 мыңға жуық автокөлік қатынайды. Өткен жылы елімізде 13 мың шақырым автожол жөнделіп, оның 6 мың шақырымы пайдалануға берілген болатын. Президент бүгін бастау алған барлық инфрақұрылымдық жобаларды 2029 жылдан кешіктірмей толық аяқтауды тапсырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →