Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 3 тамыз 2026 $ 474,2 546,9 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    СҚО-да сапасыз салынған қайтадан үй сүріліп жатыр

    СҚО-да сапасыз салынған қайтадан үй сүріліп жатыр

    Фото: видеодан скрин

    Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласындағы Назарбаев көшесінде орналасқан атышулы аяқталмаған төрт қабатты үйді бұзу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    2021 жылдың ақпанында іргетасы қаланған нысан бірнеше айда тапсырылуы тиіс еді, бірақ құрылысы сағызша созылып, ақыр соңында сапасыз болып шықты.

    Жергілікті әкімдіктің бақылаусыздығы мен салғырттығынан құрылыс бейбастақ жүргізіліп, алданып қалған үлескерлер ақшасынан да, пәтерінен де айырылды.

    Бұл істің арты үлкен қылмыстық дауға ұласып, 2024 жылы сот құрылыс компаниясының құрылтайшысы мен директорын темір торға жапты.

    Сонымен бірге сот шешімімен кінәлі тарап 40 үлескерге 413 миллион теңге шығынды қайтаруға міндеттелген еді.
    Енді бұл апатты ғимарат толығымен жермен-жексен етіліп, оның орнына жаңа мердігер басқа көпқабатты үй салады деп уәде берілуде.

    Видео: @qazmedia.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →