Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 3 тамыз 2026 $ 474,2 546,9 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бала жазым бола жаздады: Қарағандыдағы апатты ағаштар қашан шешіледі? Туған күнге арналған отшашу: Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған жігіт қамауға алынды Қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында 84 мың тұрғын газбен қамтылады Никол Пашинян бастаған Армения үкіметі отставкаға кетті Отырар қалашығынан XIII-XVIII ғасырларға тиесілі құнды жәдігерлер табылды Бір аптада 927 млн доллар: «Өрмекші-адам» фильмі рекорд орнатты Бала жазым бола жаздады: Қарағандыдағы апатты ағаштар қашан шешіледі? Туған күнге арналған отшашу: Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған жігіт қамауға алынды Қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында 84 мың тұрғын газбен қамтылады Никол Пашинян бастаған Армения үкіметі отставкаға кетті Отырар қалашығынан XIII-XVIII ғасырларға тиесілі құнды жәдігерлер табылды Бір аптада 927 млн доллар: «Өрмекші-адам» фильмі рекорд орнатты

    Қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында 84 мың тұрғын газбен қамтылады

    Қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында 84 мың тұрғын газбен қамтылады

    Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен елді мекендердегі 80 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылды, деп хабарлайды QazaqTodayinfo.kz ақпарат порталы. 

    Мемлекет басшысының газбен қамтамасыз етуді жеделдету және оның деңгейін 80%-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында «Шу» автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы аяқталады.

    Үкімет бұл мақсатқа Арнаулы мемлекеттік қордан 2,9 млрд теңге бөлді.

    Стансаны іске қосу жылыту маусымында газ тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ауданды табиғи газбен қамту Шу қаласынан 100 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан «Қордай» атвтоматтандырылған газ тарату стансасы арқылы қамтамасыз етіледі. Аталған стансаның қуаты тұтыну көлемінің өсуіне есептелмеген.

    Жаңа нысанды пайдалануға беру инфрақұрылымдық шектеулерді жойып, тұрғын үй секторын, орталық қазандықты және кәсіпкерлік нысандарын көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз етеді. Жалпы жоба Шу және Мойынқұм аудандарының 84 мың тұрғынын тұрақты газбен қамтуға, сондай-ақ жаңа абоненттерге техникалық шарттар беруді қайта бастауға мүмкіндік береді.

    Бүгінде құрылыс алаңында 29 қондырғы мен жабдықтар жиынтығы орнатылып, блокаралық коммуникациялар қосу жұмыстары жүргізілуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →