Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 29 шілде 2026 $ 474,9 540,4 6,09
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алтайдағы жол апатынан екі қазақстандық қаза тапты Ресей Алтайындағы жол апатынан қаза тапқан ерлі-зайыпты алты баланың ата-анасы болып шықты Жазира Байырбекова анасын Алматыға көшіріп, батасын жиі алып тұрады АХҚО-да ICM Group Ltd холдингтік компаниясы тіркелді Банктер мен микроқаржы ұйымдары 2025 жылы 73,8 млрд теңге қарызды есептен шығарды Алматыда бұрынғы теміржол ауруханасының ғимараты мен жері мемлекетке қайтарылды Алтайдағы жол апатынан екі қазақстандық қаза тапты Ресей Алтайындағы жол апатынан қаза тапқан ерлі-зайыпты алты баланың ата-анасы болып шықты Жазира Байырбекова анасын Алматыға көшіріп, батасын жиі алып тұрады АХҚО-да ICM Group Ltd холдингтік компаниясы тіркелді Банктер мен микроқаржы ұйымдары 2025 жылы 73,8 млрд теңге қарызды есептен шығарды Алматыда бұрынғы теміржол ауруханасының ғимараты мен жері мемлекетке қайтарылды

    Алтайдағы жол апатынан екі қазақстандық қаза тапты

    Ресейдің Алтай Республикасында болған жол апатынан екі қазақстандық азамат қаза тапты. Марқұмдар ерлі-зайыпты болған, олар алты баласын жетім қалдырды.

    Алтайдағы жол апатынан екі қазақстандық қаза тапты

    Сурет: dalanews.kz

    Ресей Федерациясының Алтай Республикасында болған жол апатынан екі қазақстандық қаза тапты. Марқұмдар ерлі-зайыпты болған. Олар Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары болып, жеке көлікпен Моңғолияға бет алған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қарсы бағытқа шығып кеткен көлікті 31 жастағы жергілікті әйел басқарған. Ол рульге мас күйінде отырған және жүргізуші куәлігі болмаған. Бұл ақпаратты muztaumedia.kz таратқан.

    Қазақстандықтар Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылынан Баян-Өлгей аймағына жолға шыққан. Көліктегілердің бәрі бір-біріне туыс болған.

    Апат салдарынан 41 жастағы Хабыз Рахымбай мен оның 44 жастағы жұбайы Құралай Құсайынқызы оқиға орнында қаза тапты. Олар алты баласын жетім қалдырды.

    «Қайтыс болғандар ерлі-зайыпты еді. Әйелі алдыңғы орындықта отырған. Көліктегі адамдардың барлығы туысқандар. Олармен жолға шығар алдында кездесіп, дәмдес болған едім», – деді марқұмдардың танысы Жарқынбек Ахметсакиұлы.

    Көлікте болған басқа жолаушылар да түрлі дене жарақатын алды.

    Қайғылы оқиға 27 шілде күні сағат 20:30 шамасында Алтай Республикасының Ұлаған ауданындағы Ақташ ауылы маңында болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →