Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан садақшылары блоктық садақ атудан әлем кубогінде алтын мен күміс алды • Жамбыл облысында ұрылар 400-ге жуық малды айдап кеткен • Тоқаевтың сынынан кейін тасжолдардағы жүк көліктеріне тексеріс күшейді • Қазақстанда кредиттік рейтинг агенттіктерін реттейтін заң күшіне енді • Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды • Қазақстан садақшылары блоктық садақ атудан әлем кубогінде алтын мен күміс алды • Жамбыл облысында ұрылар 400-ге жуық малды айдап кеткен • Тоқаевтың сынынан кейін тасжолдардағы жүк көліктеріне тексеріс күшейді • Қазақстанда кредиттік рейтинг агенттіктерін реттейтін заң күшіне енді • Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды •

    Қанды қылмыс: ШҚО-да кәсіпкер әйелді үйінде өлтіріп кетті

    Қанды қылмыс: ШҚО-да кәсіпкер әйелді үйінде өлтіріп кетті

    Фото: ШҚО ПД

    Шығыс Қазақстан облысы Белоусовка кентінде белгілі кәсіпкер әйелдің отбасына шабуыл жасалды. Салдарынан әйел қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Telegram-дағы «Криминальный Казахстан» арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 23 шілдеде Белоусовка кентінде белгісіз біреулер жеке үйге басып кіріп, отбасына шабуыл жасаған. Оқиға салдарынан жергілікті кәсіпкер мерт болған, ал оның күйеуі жарақатпен Өскемендегі ауруханаға жеткізілген.

    Дәрігерлердің мәліметінше, оның жағдайы орташа ауыр. ШҚО ПД 23 шілдеде Белоусовка кентінде аса ауыр қылмыс жасалғанын растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

    «Цифрлық құралдарды қолдану және азаматтардың көмегі арқасында жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтады. Олар өңірден тыс жерге қашып кетпек болған кезде ұсталды», — деп түсіндірді облыстық ПД баспасөз қызметі.

    Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынған. Өзге ақпарат жарияланбайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →