Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт боты іске қосылды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт боты іске қосылды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті •

    «Дерт меңдеп кетті»: Серікзат Дүйсенғазы әкесінің денсаулығы сыр бергенін айтты

    «Дерт меңдеп кетті»: Серікзат Дүйсенғазы әкесінің денсаулығы сыр бергенін айтты

    Фото: serikzat_duisengazy/instagram

    Ақын Серікзат Дүйсенғазы желідегі парақшасында жағымсыз хабармен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Айтуынша әкесі анасы қайтқалы бері дертке шалдығып, денсаулығы сыр берген.

    «Бүгін менің асқартау әкем Мақсұт Дүйсенғазыұлының туған күні. Сексен үш дейтін сеңгірге шықты. Жастайынан ат үстінде жүрген саятшы, мерген, аңшы адам ғой. Өмірдің барлық ыстық-суығын көрген  қажырлы азамат болды. Тоқсаныншы жылдары ауыл тоқырауға  ұшырағанда жұмыссыз  қалса да такси айдап бізді асырады. Тіршіліктің барлығы қалада болған соң екі мыңыншы жылдардың басында амалсыз Семейге көшті. Бірақ ат үстінде жүрген өмірін, туған тауының салқын самалын ұмыта алмай біраз қиналды. Дегенмен анам бар кезде  ештеңеге алаңсыз жүретін.  Ер азаматқа жасы ұлғайғанда қосағынан айырылған өте қиын болады екен. Кемпірі кеткен соң денсаулығы да сыр бере бастады. Қазір үш айдан асты бір дерт меңдеп төсек тартып жатыр.  Әкейдің қазіргі жағдайын жасап отырған Нұрзат ағам мен Ботагөз жеңгем. Біз жұмыс деп, басқа шаруа деп шапқылап барлық қиындықты соларға артып қойдық.  Әке алдындағы борышын адал атқарып отырған аға-жеңгеме Алла разы болсын!  Көптің тілегінен артық ештеңе жоқ. Әкеме мүмкін болса дұға жасап қойыңыздаршы. Дертінен құлан-таза айығып, ортамызда отырса біз үшін ең үлкен бақыт сол», — деп жазды ол.

    Оқырмандар тезірек сауығуын тілеп, ақынға қолдау білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →