Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ағашқа соғылып, тірідей жанып кеткен адамдардың бәрі жасөспірімдер болып шықты (ФОТО) Эльбрус тауында 6 альпинист көз жұмды «Күйеуімсіз қыздармен де қыдырып көрмегем»: Жазира Байырбекова жеке өмірі туралы айтты Пышақтасқан: Алматыдағы жаппай төбелестен кейін алты адам ұсталды (ВИДЕО) Алматыда еріктілер екі аптадан бері жоғалған әйелді іздестіруде Берлин полициясы ЛГБТ шеруіне көлік айдап кірген күдіктіні атып өлтірді Ағашқа соғылып, тірідей жанып кеткен адамдардың бәрі жасөспірімдер болып шықты (ФОТО) Эльбрус тауында 6 альпинист көз жұмды «Күйеуімсіз қыздармен де қыдырып көрмегем»: Жазира Байырбекова жеке өмірі туралы айтты Пышақтасқан: Алматыдағы жаппай төбелестен кейін алты адам ұсталды (ВИДЕО) Алматыда еріктілер екі аптадан бері жоғалған әйелді іздестіруде Берлин полициясы ЛГБТ шеруіне көлік айдап кірген күдіктіні атып өлтірді

    Ағашқа соғылып, тірідей жанып кеткен адамдардың бәрі жасөспірімдер болып шықты (ФОТО)

    Ағашқа соғылып, тірідей жанып кеткен адамдардың бәрі жасөспірімдер болып шықты (ФОТО)

    Фото: oxu.az/ru

    Жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты. Алдын ала ақпарат бойынша, көлікте 15-16 жастағы жасөспірімдер болған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Қайғылы оқиға Зеленодольск қаласында болған. Жолаушылар мінген жеңіл көлік ағашқа соғылып, артынша өртеніп кеткен. Апаттан 15 жастағы бір жасөспірім ғана аман қалды. Ол денесінің 30 пайызы күйіп, ауруханаға жеткізілген. Бала есін біледі, алайда ауыр күйзелісте болғандықтан, көлікті кім басқарғанын әзірге айта алмаған.

    Қаза тапқандардың денелері қатты күйіп кеткен. Осыған байланысты олардың жеке басын анықтау үшін генетикалық сараптама жүргізіледі.

    Татарстан прокуратурасының мәліметінше, жол апаты 24 шілдеге қараған түні Зеленодольск қаласындағы Волжская көшесінде болған. Жүргізуші мен бес жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

    Жол қозғалысы ережесін бұзу салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Ресей Қылмыстық кодексінің 264-бабының 5-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Кейін құқық қорғау органдары көлікті жүргізуші куәлігі жоқ 30 жастағы жігіт жүргізгенін  хабарлады. Қазір жергілікті тұрғындар апат орнына гүл шоқтарын әкеліп, қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →