Грузияда екі рет электр сөнуі: диверсия бабы бойынша тергеу басталды
Грузияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі 24-25 шілдеде болған екі ірі электр сөнуіне байланысты диверсия бабы бойынша тергеу бастады. Себептері әзірге белгісіз.
Сурет: tengrinews.kz
Tengrinews.kz грузиялық SOVA басылымына сілтеме жасап хабарлағандай, Грузияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ) елде болған екі ірі электр сөнуіне байланысты диверсия бабы бойынша тергеу бастады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Апаттық электр қуатының үзілуі 24-25 шілдеде бүкіл ел бойынша орын алғаны ведомство мәлімдемесінде айтылған.
«Бұл бап Грузияның мемлекеттік мүдделеріне қатер төндіру мақсатында мемлекеттік кәсіпорынның немесе басқа да маңызды объектінің қалыпты жұмысына кедергі келтіру, оны зақымдау немесе жою үшін жауапкершілікті көздейді», — делінген МҚҚ мәлімдемесінде.
Грузия мемлекеттік электр жүйесінің өкілдері де зардаптарды жою жұмыстарымен айналысып, ақау себептерін анықтап жатқандарын мәлімдеді.
24 шілдеге қараған түні Тбилисиді қоса алғанда, Грузияның бүкіл аумағында дерлік электр жарығы сөнді. Астанада бағдаршамдар жұмыс істемей қалды, ал елдің әртүрлі аудандарының тұрғындары электрмен жабдықтау үзілістері туралы хабарлады.
Жаңа сөну біріншіден 30 сағат өткен соң болды.
Бұл апаттың, сондай-ақ қайталама сөнудің себептері әзірге белгісіз.
