Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 26 шілде 2026 $ 475,4 540,8 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Абай облысы полицейлері шетелдік туристерден алғыс алды

    Германиялық туристер Абай облысы полиция департаментіне алғыс хат жолдап, жоғалған телефонды тауып берген Даурен Алимбаевқа шынайы ризашылық білдірді.

    Абай облысы полицейлері шетелдік туристерден алғыс алды

    Сурет: tengrinews.kz

    Абай облысы полиция департаментінің ресми парақшасына Қазақстанға демалысқа келген шетелдік азаматтардан алғыс хат келіп түсті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Германиялық қонақтар жоғалған телефонды тауып, заңды иесіне қайтаруға көмектескені үшін Абай облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Даурен Алимбаевқа шынайы алғысын білдірді.

    Өтініш берушілердің айтуынша, полиция қызметкерлерінің кәсібилігі, жоғары жауапкершілігі мен жедел әрекеттерінің арқасында телефон қысқа мерзімде табылып, иесіне қайтарылған.

    «Сіздердің жеделдігіңіз, адалдығыңыз және адамгершілік қарым-қатынасыңыздың арқасында жоғалтқан телефон табылып, бізге қайтарылды. Бұл әрекет сіздердің қызметіңізге ғана емес, жалпы Қазақстанға деген құрметімізді нығайтты», — делінген хатта.

    Хаттың авторлары — Камбышев, Сапаргалиев және Измайлов отбастары.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →