Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 25 шілде 2026 $ 466,9 531,2 5,96
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау – сарапшы Ақмола облысында 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты «Әңгімеңізге аңқау әйелдерді байлап»: Бақыт Тұрман танымал коучты қатаң сынға алды Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі ер адам өз анасын пышақтап өлтірген Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда өтетін Қазақстан-Ресей форумына қатысады «Үйде анасы болған»: Астанада 7 жастағы бала терезеден құлап қайтыс болды Мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау – сарапшы Ақмола облысында 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты «Әңгімеңізге аңқау әйелдерді байлап»: Бақыт Тұрман танымал коучты қатаң сынға алды Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі ер адам өз анасын пышақтап өлтірген Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда өтетін Қазақстан-Ресей форумына қатысады «Үйде анасы болған»: Астанада 7 жастағы бала терезеден құлап қайтыс болды

    Мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау – сарапшы

    Мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау – сарапшы
    Фото: ашық дереккөз

    Қазақстанның әлеуметтік моделі әлі де «медициналық-қамқорлық» (патерналистік) кезеңнен «құқықтық-инклюзивті» кезеңге толық өте алмай жатыр. Мемлекет қаржы бөлгенімен, нәтижені бағалау жүйесі (KPI) процеске ғана бағытталған. Мысалы Ұлыбритания мен Швецияда «Тәуелсіз өмір сүру» (Independent Living) моделі жұмыс істейді. Мұнда мемлекет азаматты мекемеге тәуелді етпейді, оның қоғамда дербес өмір сүруіне жағдай жасайды. «Әлеуметтік ваучер» жүйесі. Мемлекет қызмет көрсетушіні өзі таңдамай, қаржыны тікелей азаматтың арнайы шотына (әлеуметтік әмиянға) аударуы керек. Азамат оңалту орталығын, инва-таксиді немесе техникалық құралды нарықтан өзі таңдайды. Бұл бәсекелестікті арттырып, сыбайлас жемқорлықты жояды. Осы тұрғыда Qazaqtoday порталының тілшісі әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі сарапшы Толқын Саметовамен сұхбаттасып, пікірін білді.

    Қолжетімді орта (Инфрақұрылым мен Цифрландыру)

     Сарапшының сөзінше, бүгінгі таңда пандустардың басым бөлігі «формальды» сипатқа ие (мүгедектігі бар жандар оны «жанартауға өрмелеу» деп атайды). Цифрлық кеңістікте де кедергілер өте көп. Сингапурда «Universal Design» (Амплитудалық дизайн) стандарты міндетті. Егер ғимарат барлық санаттағы жандарға (арбадағы, соқыр, саңырау) қолжетімді болмаса, ол қолданысқа берілмейді. АҚШ-та ADA (Americans with Disabilities Act) заңы бойынша мемлекеттік және коммерциялық сайттардың зағиптарға арналған экрандық оқу жүйелерімен (Screen Readers) үйлесімділігі заңмен қатаң тексеріледі.

    Біздің елге «Халықтық инспекция» цифрлық картасын еңгізуге болады. Кез келген бейімделмеген нысанды (пандус, автобус) азаматтар суретке түсіріп, арнайы қосымшаға жүктейді. Бұл мәлімет тікелей Прокуратура мен Әкімдікке түсіп, автоматты түрде айыппұл салынады. Бизнеске «қолжетімділік рейтингі» енгізілуі тиіс. Кәзіргі жағдай қандай, бірінші ескерту беріледі, уақыт 3 ай беріледі, сосын тағы біреу шағымдынса сонда ғана айыппұл салынады. Барлығына бірдей жағдай да сұрау да болу керек, сонда халықта өздері араласып бақылауға алатын болады.

     Талап-тілектердің іс жүзінде ескерілуі

     Шешім қабылдау деңгейінде ерекше жандардың дауысы жеткіліксіз. «Бізсіз біз туралы ештеңе шешпеңіздер» деген халықаралық қағида бізде толық орындалмайды. Германия мен Канадада министрліктер мен парламент жанында Мүгедектігі бар жандардың ұлттық кеңестері жұмыс істейді. Ешбір әлеуметтік заң жобасы осы кеңестің мақұлдауынсыз қабылданбайды. Алматыда осындай ұсыныс қабылданса, сөссіз бүкіл региондарға да таралуы мультипликативті әсер беру шеді.

    «Кәзір құрылайын деп жатқан Құрылтайға квота арқылы ерекше қажеттілігі бар азаматтардың үні естілетіндей болса ол үшін мандаттары болуы керек. Сондай-ақ, Әлеуметтік порталдарда (Aleymet) тауар сапасын бағалайтын «ашық кері байланыс және блокчейн-рейтинг» жүйесін енгізу қажет», — деді әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі сарапшы Толқын Саметова.

    Қоғамымызға араласудағы жүйелі кедергілер

    Сарапшының сөзінше, мүмкіндігі шектелуі жандарға қолдаудың тоық болмауының басты кедергісі тек көшеде емес, санада. Қоғам әлі де ерекше жандарды «көмекке мұқтаж жан» деп көреді, «тең құқылы азамат» ретінде қабылдау деңгейі төмен. Мысалы Жапонияда балабақшадан бастап «инклюзивті этика» оқытылады. Мектеп оқушылары арбамен жүру, зағип жанның орнында болу сипаттарын тәжірибеден өткізіп, эмпатияны сіңіреді. Медиа және контент инклюзиясын дамыту керек. Креатив технология мамандары осы саланы дамыту үстінде, басқа елдерде бұл тренд. Мемлекеттік телеарналар мен киноиндустрияға субсидия беру шарты ретінде сюжеттерге ерекше жандарды жай ғана мүсіркеу кейіпкері емес, табысты кәсіпкер, ғалым, IT маманы ретінде қосу талабын енгізу. Сондай-ақ, қалалық кеңістікте «сезімталдық бақтарын» (Sensory gardens) құру қажет.

    «Бұл стигманы жоюда мемлекеттік аппараттан бұрын, жергілікті қауымдастықтардың (Local communities), аула комитеттері мен белсенді тұрғындардың рөлі шешуші маңызға да ие. Ерекше жандар, әсіресе ерекше балалар көп шоғырланған аймақтарда (арнайы мектептер, оңалту орталықтары маңында) жергілікті қауымдастықтар бастамашыл топ ретінде шығуы тиіс. Олар қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырып, балалардың қауіпсіздігі, инклюзивті ойын алаңдарын салу, дыбыстық бағдаршамдар орнату мәселелерін көтеріп, қоғам назарын аударуға қозғау салуы қажет. Тұрғын үй кешендері деңгейінде «көршілік қолдау желілерін» құрып, ерекше балалардың оқшауланбай, аула өміріне, мерекелерге белсенді араласуын жергілікті қауымдастықтар өз мойнына алуы тиіс. Мемлекет бұндай азаматтық бастамаларға арнайы гранттар (Community grants) бөлуі қажет, — дейді сарапшы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →