Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда өтетін Қазақстан-Ресей форумына қатысады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 шілдеде Омбыда өтетін ХХІІ Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Форумда екі ел басшылары кездеседі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 шілдеде Омбы қаласында өтетін ХХІІ Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Іс-шара аясында Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путиннің шақыруымен екі мемлекет басшыларының кездесуі жоспарланған.
