Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 10 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Филиппинде паром өртеніп 87 адам жоғалып кетті «Жантайып жата қойып едім»: Мақпал Жүнісова күйеуінің қызғаншақ болғанын айтты Өндірістен – университетке: «Қазақмыстың» 103 қызметкері жоғары білім алуға кірісті Атырауда жоспарлы операциядан кейін 16 жастағы оқушы көз жұмды: анасы дәрігерлерді кінәлап отыр Апатты деп танылғанына үш жылдан асты: Атырауда тұрғын үйдің балконы опырылып түсті Шайдоров Братиславада өтетін турнирінде өнер көрсетпек Филиппинде паром өртеніп 87 адам жоғалып кетті «Жантайып жата қойып едім»: Мақпал Жүнісова күйеуінің қызғаншақ болғанын айтты Өндірістен – университетке: «Қазақмыстың» 103 қызметкері жоғары білім алуға кірісті Атырауда жоспарлы операциядан кейін 16 жастағы оқушы көз жұмды: анасы дәрігерлерді кінәлап отыр Апатты деп танылғанына үш жылдан асты: Атырауда тұрғын үйдің балконы опырылып түсті Шайдоров Братиславада өтетін турнирінде өнер көрсетпек

    Алматыда 25 шілдеден бастап үш автобус бағытының схемасы өзгереді

    Алматыда 25 шілдеден бастап 61, 218 және 238-ші автобус бағыттарының қозғалыс схемасы өзгереді. Өзгерістер Сайна көшесінің жаңа бөлігінің ашылуына және жеке жолақтың іске қосылуына байланысты.

    Алматыда 25 шілдеден бастап үш автобус бағытының схемасы өзгереді

    Сурет: tengrinews.kz

    Алматыда 25 шілдеден бастап үш автобус бағытының қозғалыс схемасы өзгертіледі. 61, 218 және 238-ші бағыттардағы өзгерістер Сайна көшесінің жаңа бөлігінің ашылуына және жеке жолақтың іске қосылуына байланысты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Алматы әкімдігінің мәліметінше, жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі Сайна көшесінің жаңа бөлігінде қозғалыстың ашылуына, сондай-ақ Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі бөлікте қоғамдық көлік үшін жеке жолақтың іске қосылуына байланысты бұл шешім қабылданған.

    25 шілдеден бастап бағыттар келесі схемалар бойынша жүреді:

    №218 бағыты оңтүстік бағытта: Мөңке би көшесі – Сайна көшесі – Абай даңғылы – Яссауи көшесінен кейін бұрылыс – Абай даңғылы – соңғы аялдама «Б. Момышұлы метро станциясы». Кері бағытта: «Б. Момышұлы метро станциясы» – Абай даңғылы – Сайна көшесі – Мөңке би көшесі – әрі қарай қолданыстағы схема бойынша.

    №238 бағыты оңтүстік бағытта: Сайна көшесі – Төле би көшесі – соңғы аялдама «Автобекет». Кері бағытта: «Автобекет» – Төле би көшесі – Сайна көшесінен кейін бұрылыс – Төле би көшесі – Сайна көшесі – әрі қарай қолданыстағы схема бойынша.

    №61 бағыты оңтүстік бағытта: Абай даңғылы – Сайна көшесі – Әл-Фараби даңғылы – соңғы аялдама «“Арман” автобекеті». Кері бағытта: «“Арман” автобекеті» – Жароков көшесінің айрығы – Әл-Фараби даңғылы – Сайна көшесі – Абай даңғылы – әрі қарай қолданыстағы схема бойынша.

    Жолаушылар сапарларын жоспарлау кезінде өзгерістерді ескеруге шақырылады. Жаңартылған қозғалыс схемалары туралы ақпарат аялдама пункттерінде және қалалық ақпараттық сервистерде орналастырылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →