Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Зеленский АҚШ өкілдерімен телефон арқылы сөйлесті

    Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен және Джаред Кушнермен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы қақтығысты тоқтату мәселесін талқылады.

    Зеленский АҚШ өкілдерімен телефон арқылы сөйлесті

    Сурет: alash.kz

    Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен және Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнермен телефон арқылы әңгімелесті. Тараптар Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық келіссөздерді қайта жандандыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    «Мен жаңа ғана президент Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткоффпен және Джаред Кушнермен сөйлестім. Бұл дипломатияны қайта жандандырып, бейбітшілікке жақындау жолдарын талқылаған маңызды әрі мазмұнды әңгіме болды. Бізге бейбітшілік қажет. Ол – абырой мен қадір-қасиетті сақтайтын бейбітшілік болуы тиіс. Украина бұған әлдеқашан дайын. Қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру үшін біздің командаларымыз тығыз байланыста жұмысын жалғастырып жатыр», – деп жазды Зеленский.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →