Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жігер Ауыпбаев ажырасқаннан кейінгі жар іздеу сапары туралы айтты 18 жастағы американдық актриса Кейли Хоттл көлік апатынан қайтыс болды Алматылық зейнеткер телефон алаяқтарының кесірінен 53 жылдық пәтерінен айырылды Мұхамеджан Тазабек ағасының 70 жылдығына арнап жылы лебіз білдірді Иран ИИРКК АҚШ базасы мен Amazon деректер орталығына соққы жасады Болгария Иран қарсылығына қарамастан АҚШ ұшақ-жанармайқұйғыштарын орналастыруға рұқсат берді Жігер Ауыпбаев ажырасқаннан кейінгі жар іздеу сапары туралы айтты 18 жастағы американдық актриса Кейли Хоттл көлік апатынан қайтыс болды Алматылық зейнеткер телефон алаяқтарының кесірінен 53 жылдық пәтерінен айырылды Мұхамеджан Тазабек ағасының 70 жылдығына арнап жылы лебіз білдірді Иран ИИРКК АҚШ базасы мен Amazon деректер орталығына соққы жасады Болгария Иран қарсылығына қарамастан АҚШ ұшақ-жанармайқұйғыштарын орналастыруға рұқсат берді

    Жігер Ауыпбаев ажырасқаннан кейінгі жар іздеу сапары туралы айтты

    «Меломан» тобының бұрынғы солисті Жігер Ауыпбаев ажырасқаннан кейінгі жалғыздығын жеңу үшін Гуанчжоу, Стамбұл, Меккеде жар іздегенін, ақыры Муминамен табысқанын айтты.

    Жігер Ауыпбаев ажырасқаннан кейінгі жар іздеу сапары туралы айтты

    Сурет: sn.kz

    «Меломан» тобының бұрынғы солисті Жігер Ауыпбаев ажырасқаннан кейінгі жалғыздықпен күресте Гуанчжоуда танысқан қазақ қызы туралы айтты. Ол бастапқыда үмітпен қарағанымен, қарым-қатынас сәтсіз аяқталғанын атап өтті. Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында сөйлеген өнер иесі: «Үйден кеткенде: «Енді менің жеке өміріме араласпаңыз» деп ашық айттым. Мен қолдан келгеннің бәрін жасадым. Ал ары қарай қайта үйленем бе, не істеймін — ол өзімнің жеке шешімім. Өйткені бойда күш-қуаты тасып тұрған ер азамат болған соң, ұзақ уақыт жалғыз жүру де оңай емес. Сөйтіп, қазіргі жарыма — Муминаға жолықтым. Оған дейін де біраз жерді араладық қой! Гуанчжоуға, Қытайға бардым. Гуанчжоуда бір қыз болды. Шынымды айтсам, мен ол кезде жалғыздықтан қатты шаршаған едім. Ер азаматтың жанында өзімен сырласатын, ой қосатын, қасында жүретін жары болғаны дұрыс қой. Сыртта жүргенде мейрамханаларда отырған жұптарға қарап қызығасың: ақылдасады, бірге жоспар құрады… Ал үйге келесің де, жалғыз жатасың. Жастықты құшақтап жатқандай күй кешесің. Сол Гуанчжоуда жүргенде бір үлкен брендтің ашылуына шақырту түсті. Менің әкімшімнен гонорарымның қанша екенін сұраған екен. Маған ол жерде ақша маңызды болған жоқ. Ішкі жан дүниемді түсінетін, өткен өмірімді қазбаламай, барыммен қабылдайтын адамды іздедім. Әрине, мен де отбасым болғанын, ажыраспауды қаладым. Бірақ өткенімде осындай тарих, төрт балам бар екенін ашық қабылдайтын жан керек болды. Төрт баласы бар, ажырасқан еркекке кім тез келе қояды? Бірақ ішімде «мені толықтай түсінетін бір жан болса екен» деген үміт болды. Сол қызбен танысып, екі-үш айдай өте жақсы араласып, арада жақсы сыйластық орнады. Оған қолдау болсын деп, гонорарды да азырақ сұрауды өтіндім. Бөтен елде, қаншама ұлттың ішінде тасты жарып шыққан гүлдей болып жүрген қазақ қызына неге қолдау көрсетпеске? Бірақ, өкінішке қарай, ол қызбен де арамызда ештеңе шықпады. Кейін естісем, ол қыз маған дейін де өтірік айтып, алдап кеткен жағдайлар болыпты. Оны маған ешкім айтпаған еді», — деп бөлісті Жігер Ауыпбаев.

    Бұдан кейін әнші Стамбұлдағы ізденістері туралы әңгімеледі. Ол болашақ жарын табу үмітімен Стамбұлға барғанын, бірақ жүрек қалауын таба алмағанын айтты: «Одан кейін Стамбұлда, басқа да қалаларда бірнеше қызбен сөйлестім. Сөздің ашығын айтқанда, төрт-бес қызбен байланыста болдым. Бірақ әрқайсысына бірден ашық айтатынмын: «Маған қыз-жігіт болып, босқа уақыт өткізудің керегі жоқ. Мен болашақ жарым болатын адамды іздеп жүрмін». Міндетті түрде жүзбе-жүз кездесуім керек еді. Мейлі Стамбұлда, мейлі Қытайда болсын — бәрібір. Сонымен Гуанчжоудан Алматыға келе сала, бірден Стамбұлға ұштым. Ол қызбен де барып жолығып, Ораза айында екі-үш күн бірге ауыз аштық. Оның да жанында отырып, жүрегіммен сезініп көргім келді. Алайда ол жерде де ештеңе шықпады», — деді әнші.

    Әнші сөзінің соңында Меккеге барып, Жаратқаннан адал жар мен отбасылық бақыт тілегенін айтты: «Одан кейін Меккеге бардым. Ол жақта да іштей тілек тілеп, сұрадым… Меккеде жүріп Тараздың, Шымкенттің қыздарымен сөйлестім. Елге оралған бойда бірден машинамен Таразға барып жолықтым — болмады. Шымкентке барып жолықтым — тағы болмады. Айналып Алматыға келгенде, осы Муминамен жолықтым. Сөйтіп, айналып келіп, осы кісіге тоқтадық», — деді Жігер Ауыпбаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →