Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 21 шілде 2026 $ 471,2 539,1 6,02
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Лионель Месси Аргентина құрамасындағы карьерасын аяқтауы мүмкін Жалған ақпарат жарға жықты: Атырау облысында жүргізуші полицияға қатысты жалған видео таратқаны үшін істі болды (ВИДЕО) Алматы облысында мопед жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) «Былтыр ғана төселген»: Теміртауда жаңа жолды ауыр жүк көліктері талқандап жатыр Қарағандыда қансыраған кәріз жүйесі: Тәттімбет көшесіндегі халық қыстан бері нәжіс пен сасық иіске тұншығып отыр Бектенов: Қазақстан өз автомобиль брендтерін дамытуы керек Лионель Месси Аргентина құрамасындағы карьерасын аяқтауы мүмкін Жалған ақпарат жарға жықты: Атырау облысында жүргізуші полицияға қатысты жалған видео таратқаны үшін істі болды (ВИДЕО) Алматы облысында мопед жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) «Былтыр ғана төселген»: Теміртауда жаңа жолды ауыр жүк көліктері талқандап жатыр Қарағандыда қансыраған кәріз жүйесі: Тәттімбет көшесіндегі халық қыстан бері нәжіс пен сасық иіске тұншығып отыр Бектенов: Қазақстан өз автомобиль брендтерін дамытуы керек

    Павлодар облысында сүт фермасындағы апаттан алты адам қаза тапты

    Павлодар облысы Жоламан ауылындағы сүт фермасында болған апаттан алты адам қаза тауып, біреуі ауруханада жатыр. Әкім Асаин Байханов қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетілетінін жеткізді. Қылмыстық іс қозғалды.

    Павлодар облысында сүт фермасындағы апаттан алты адам қаза тапты

    Сурет: tengrinews.kz

    Павлодар облысының Жоламан ауылындағы сүт фермасында 20 шілдеде таңертең қайғылы оқиға болды. «Aktogai Milk» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында алты адам, оның ішінде 17 жасар жасөспірім мерт болды. Тағы бір жұмысшы көмірқышқыл газынан уланып, Ақтоғай ауруханасына жеткізілді, оның жағдайы орташа ауырлықта деп бағалануда. Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Облыс әкімі Асаин Байханов оқиға болған кәсіпорынға барып, қаза тапқандардың отбасы мүшелерімен кездесіп, көңіл айтты. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, сүт фермасының қызметкерлері жазатайым оқиға салдарынан қаза болған. Нақты себептер әзірге айтылмайды. Әкім отбасыларға мемлекеттік органдар мен жұмыс беруші тарапынан қажетті көмектің барлығы көрсетілетінін жеткізді.

    «Отбасыларға арнайы материалдық көмек беріледі, жыл соңына дейін жалақы төленеді, несиелерін өтеуге көмектесіледі. Кәсіпорын кәмелетке толмаған балаларды 18 жасқа толғанға дейін асырау және оқыту шығындарын өз мойнына алады», – деп мәлімдеді Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Байханов Еңбек инспекциясы комитетінің департаментіне, полицияға және облыс прокуратурасына оқиғаның тергеуін ерекше бақылауға алуды, барлық мән-жайды объективті түрде анықтауды, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзған адамдардың жауапкершіліктен құтылуына жол бермеуді тапсырды.

    Бұған дейін «Стальмонтаж», «Актогай-Агро» және «Aktogai Milk» компанияларының бас директоры, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Александр Терентьев мәлімдеме жасап, қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, кәсіпорын отбасыларға барлық қажетті көмек пен қолдау көрсететінін айтты.

    Адам өлімі фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →