Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Демеу Жадраев Будапеште түркиялық қарсыласынан ойсырай жеңілді

    Демеу Жадраев Будапеште түркиялық қарсыласынан ойсырай жеңілді

    Фото: ҰОК

    Қазақстандық грек-рим күресінің өкілі Демеу Жадыраев Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан рейтингтік турнирде жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан жарысты 1/8 финалдан бастады. Бұл кезеңде ол түркиялық Бурхан Акбудақпен белдесіп, тартысты өткен кездесуде 6:7 есебімен жеңіліс тапты.

    Кейін Акбудақ ширек финалда Бахрейн өкілі Шахин Эйдимохаммад Бадагимофрадтан 1:7 есебімен ойсырай ұтылды. Соның салдарынан түркиялық балуан финалға шыға алмай, Жадыраевтың жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігі де жойылды.

    Айта кетейік, Демеу Жадыраев – 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азия чемпионатының төрт дүркін жүлдегері.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →