Эльмира Төлегенованың қазақтарды қорлаған хаты қайта тарады
Жанабіловтер отбасы бұрын алаяқтыққа қатысты дауға түскен еді. Енді Эльмира Төлегеноваға тиесілі делінетін хат алмасуда қазақтарды қорлаған сөздер табылып, қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Сурет: ozgeris.info
Алаяқтық дауымен бұрыннан таныс Жанабіловтер отбасы енді тағы бір жанжалды оқиғаға байланысты назарға ілікті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Әлеуметтік желіде Эльмира Төлегеноваға тиесілі делінген ескі хат алмасудың көшірмелері қайтадан тарап, қоғамда қызу талқыға түсті. Желі қолданушыларының айтуынша, хатта қазақтарға қатысты ауыр, қорлайтын сөздер қолданылған. «Оңбаған қазақтармен жұмыс жасағым келмейді», — деп жазған блогер хатта.
Бұл хат алмасу бұрын да жарияланған. Алайда оның қайтадан таралуы жұртшылықтың наразылығын тудырып, көпшілік мәселеге құқықтық және қоғамдық тұрғыдан баға беруді талап етуде.

