Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 20 шілде 2026 $ 470,5 538,2 6,01
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    СҚО-да 4 жылдан бері су жоқ: Тұрғындар күніне бір күбі сумен отыр «Тағдырың тарам-тарам болып…»: Дариға Бадықова тым ашуланшақ болғанын мойындады Қымбаттаған сигнал: Мобильді интернет неге қымбаттап, бірақ жақсармай тұр? Баянауылдағы ұлттық паркте өрт шықты Қыздардың қырқысы: Алматыда жасөспірім қызды соққыға жыққандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі тағы тұрмысқа шықпақ СҚО-да 4 жылдан бері су жоқ: Тұрғындар күніне бір күбі сумен отыр «Тағдырың тарам-тарам болып…»: Дариға Бадықова тым ашуланшақ болғанын мойындады Қымбаттаған сигнал: Мобильді интернет неге қымбаттап, бірақ жақсармай тұр? Баянауылдағы ұлттық паркте өрт шықты Қыздардың қырқысы: Алматыда жасөспірім қызды соққыға жыққандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі тағы тұрмысқа шықпақ

    «Жасырғаным осы»: Ерке Есмахан көптен күткен сүйінші жаңалығымен бөлісті

    «Жасырғаным осы»: Ерке Есмахан көптен күткен сүйінші жаңалығымен бөлісті

    Фото: @erke_esmahan

    Танымал әнші Ерке Есмахан көптен күткен сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында үш жылдық декреттік демалыстан кейін шығармашылыққа қайта оралатынын мәлімдеді. Әншінің айтуынша, бұл жолы тыңдармандарына 9 ән мен 9 бейнебаяннан тұратын жаңа альбом ұсынбақ. Сондай-ақ Ерке шығармашылыққа қайта оралуына жолдасының қолдауы ерекше әсер еткенін айтты.

    «Сен менің сүйікті жарым, балаларымның анасы, әулетімнің келіні ғана емес, халықтың ерке әнші қызысың», – деп күйеуім шығармашылығымды шыңдауға қанаттандырып жіберді. Сөйтіп «Жаным, жарқырап ән сал», – деп өнерге жаңа леппен оралуыма шабыт берді. Үш жыл декретте отырғанда жазылмаған әндерімді бір альбомға сыйдырдым. Жаңа өнімім, жасырған жаңалығым осы. 6 ай дайындалған 9 ән мен 9 бейнебаян сіздерді күтуде.

    Көпшілік әншіні жаңа шығармашылық кезеңімен құттықтап, алдағы альбомының сәтті шығуына тілектестік білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →