Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан тоғыз елдің ғалымдарын Ұлыс Жошы мұрасын зерттеуге біріктіреді АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды Нұрайдың ағасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді Қазақстан тоғыз елдің ғалымдарын Ұлыс Жошы мұрасын зерттеуге біріктіреді АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды Нұрайдың ағасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді

    Алакөлде катер қағып кеткен зейнеткер екі аяғынан айырылды

    Алакөлде катер қағып кеткен зейнеткер екі аяғынан айырылды

    Фото: Видеодан скрин

    Алакөл көлінде катер қағып кеткен 69 жастағы әйел ауыр жарақат алып, екі аяғынан айырылды. Қазір ол жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр,  деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оқиға 16 шілде күні Алакөлде болған. Бұл туралы бірнеше күннен кейін белгілі болды.

    БАҚ мәліметінше, Алматы қаласының 69 жастағы тұрғыны көлде шомылып жүрген кезде қозғалыстағы катердің астына түскен. Ауыр жарақат алған әйел көп қан жоғалтқан күйде ауруханаға жеткізілген.

    Дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қалу үшін бірнеше күрделі ота жасап, екі аяғына ампутация жасауға мәжбүр болған.

    Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Оның есі анық, өздігінен тыныс алады және дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

    Қазір оқиғаның барлық мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →