Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты • Алматыда электр желісіндегі апатқа байланысты көлік қозғалысы шектеледі • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты • Алматыда электр желісіндегі апатқа байланысты көлік қозғалысы шектеледі •

    «Түркияға жолдама»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады

    «Түркияға жолдама»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады

    Коллаж: Qazaqtoday.info
    Танымал  продюсер Баян Алагөзова Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешова бұдан екі ай бұрын сыйлауға уәде еткен пәтерді табыстады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Баян Алағөзова бұл сыйлықты осыдан екі жарым ай бұрын уәде еткенін айтып, пәтерді әртістің талғамына сай етіп толық жөндетіп, барлық қажетті жиһаз бен тұрмыстық техникамен жабдықтаған.

    «Шын жүректен, махаббатпен аңыз адамға», – деп жазды ол.

    Үй кілтін табыстау сәтін Баян Мақсатқызы желідегі парақшасына жүктеді.

    “Біз сізге ештеңе ойламай-ақ келіп, бірден тұра беретіндей үй дайындауға тырыстық. Дизайнын өзім ойластырдым. Барлығы жайлы әрі тыныш атмосферада болғанын қаладым. Сіз жақсы көретін хрусталь шамдарды арнайы таңдадық, сүйікті суретшім Ботагөз Ақанаеваның картинасын алдырдым. Бұл пәтерді екі ай бойы дайындадық”, – деді продюсер.

    Пәтерді аралап шыққан Меруерт Өтекешова қуанышын жасыра алмай, мұндай сыйлық күтпегенін айтты.

    “Сөзім жоқ. Жылағым келіп тұр. Бәрі өте әдемі, жайлы екен”, – деді халық әртісі.

    Продюсер мұнымен шектелмей, Меруерт Өтекешоваға тағы бір тосынсый жасады. Ол әртіске екі адамға арналған Түркияға 10 күндік демалысқа жолдама тарту етті.

    “Сіз бұған әбден лайықсыз. Сіз – халық әртісісіз, сондықтан өмірдің бар жақсысын көруге тиіссіз”, – деді Баян Алагөзова.

    Ал Меруерт Өтекешова Түркияға алғаш рет барғалы тұрғанын айтып, мұндай сыйлыққа ерекше риза болғанын жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →