Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кенжебек Жанәбілов Ақтауға оралды: «МузАРТ» тобы толық құрамда өнер көрсетуге дайын Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Кенжебек Жанәбілов Ақтауға оралды: «МузАРТ» тобы толық құрамда өнер көрсетуге дайын Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды

    Адам санын қолдан көбейткен: Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға сотталды

    Адам санын қолдан көбейткен: Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға сотталды

    Фото: istockphoto.com

    «Forte Clinic (Tumar)» ЖШС жеке клиникасының басшысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржы алу үшін емханаға тіркелген азаматтар санын қолдан көбейткен. Емханаға 15 мыңнан астам адам жазбаша өтініштер негізінде тіркелген. Тексеру барысында басқа өңірлердің тұрғындарын, заңды өкілдерінің құжаттарынсыз кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ елден тыс жерге кеткен азаматтарды тіркеу фактілері анықталған.

    «Салдарынан мемлекетке келтірілген залал 79 млн теңгеден асты», – делінген ҚМА хабарламасында.

    Қылмыстық схеманы іске асыру үшін клиника басшысы «Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерін тартқан. Ол қызметтік қолжетімділігін пайдаланып, жалған өтінімдерді заңсыз мақұлдап отырған.

    Бұған қоса сотталушы «Damu Med» ақпараттық жүйесіндегі медицина қызметкерлерінің аккаунттарын әкімшілік өкілдерінің телефон нөмірлеріне байланыстырып, олардың есептік жазбаларын бақылауға алған. Осыны пайдаланып, заңсыз тіркелген азаматтарға медициналық қызметтер көрсетілгені туралы жалған мәліметтер енгізіп, Қор қаржысын алып отырған.

    Сот клиника басшысын 5 жылға, ал Денсаулық сақтауды дамыту орталығының қызметкерін 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

    Келтірілген залал толық көлемде өтелді.

    Үкім заңды күшіне енді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →