Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 13 шілде 2026 $ 471,3 538,0 6,15 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Ақтөбеде құрылыс компаниясы балалар алаңы мен тұраққа арналған жерді сатып жіберген Атырауда аптап ыстық: тұрғындар қоғамдық көліктерде кондиционердің жоқтығына шағымданды Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Президентін Мемлекеттілік күнімен құттықтады Қазақстан балуандары Мадридтегі Гран-приде 24 медаль жеңіп алды Еуропада аптап ыстықтан 10 мыңнан астам адам көз жұмды Түтінге уланып қалды: ШҚО-да өрттен ерлі-зайыпты көз жұмды Ақтөбеде құрылыс компаниясы балалар алаңы мен тұраққа арналған жерді сатып жіберген Атырауда аптап ыстық: тұрғындар қоғамдық көліктерде кондиционердің жоқтығына шағымданды Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Президентін Мемлекеттілік күнімен құттықтады Қазақстан балуандары Мадридтегі Гран-приде 24 медаль жеңіп алды Еуропада аптап ыстықтан 10 мыңнан астам адам көз жұмды Түтінге уланып қалды: ШҚО-да өрттен ерлі-зайыпты көз жұмды

Қазақстан балуандары Мадридтегі Гран-приде 24 медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуандар Мадридтегі халықаралық Гран-при турнирінде 24 медаль жеңіп алды. Еркін және грек-рим күресінен жүлдегерлер тізімі жарияланды.

Қазақстан балуандары Мадридтегі Гран-приде 24 медаль жеңіп алды

24 медаль – қазақстандық балуандардың Мадридтегі Гран-при турниріндегі жетістігі. Отандастарымыз Испания астанасында өткен халықаралық жарыстан осындай мол олжамен оралды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Еркін күрес бағытында үш балуанымыз алтыннан алқа тақты. Олар: Дәулет Әмірханов (57 келіге дейін), Нұрлыбек Базарбаев (61 келіге дейін) және Жанқожа Әбілтаев (70 келіге дейін). Күміс жүлдеге Ерасыл Мұхтарұлы (57 келіге дейін), Мұхамед Балғабай (61 келіге дейін), Акбар Курбанов (65 келіге дейін) және Шерхан Әбіл (70 келіге дейін) ие болды. Қола медальды Жанболат Қабиден (70 келіге дейін), Талап Жолдасов (70 келіге дейін), Арсен Қабден (74 келіге дейін) және Наурыз Ахмедханов (86 келіге дейін) еншіледі.

Грек-рим күресінен Едіге Төлеутаев (55 келіге дейін) пен Ілияс Дәуітов (63 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлдегерлер: Айбат Рахим (55 келіге дейін), Жанболат Сапарбек (60 келіге дейін), Досжан Өтепқалиев (63 келіге дейін), Дінмұхамед Омаров (72 келіге дейін) және Әлмір Төлебаев (82 келіге дейін). Қола жүлде Омар Ахонға (60 келіге дейін), Шыңғыс Қайратқа (63 келіге дейін), Николай Хапкоға (72 келіге дейін), Расул Жүніске (77 келіге дейін), Санжар Сабитовқа (82 келіге дейін) және Аянбек Ибраевқа (97 келіге дейін) бұйырды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →