Алматыда Джеки Чанның келуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Алматыда Джеки Чанның келуіне байланысты полиция қауіпсіздік шараларын күшейтті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Алматыда Джеки Чанның келуі мен халықаралық кино жобасының басталуына байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Кеңеске қауіпсіздікке жауапты қызметтер мен бөлімшелердің басшылары, жол қозғалысын ұйымдастыру, іс-шараларды сүйемелдеу және түсірілім ұйымдастырушыларымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі басшылар қатысты.
Алматы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов қалада әлемдік деңгейдегі кино жобасының өтуі Қазақстан үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.
«Наша задача – обеспечить максимальный уровень общественной безопасности, надёжную охрану общественного порядка и создать все необходимые условия для спокойного проведения съёмочного процесса. Такие проекты способствуют укреплению международного авторитета Казахстана, поэтому каждая служба должна действовать слаженно, профессионально и исключительно в рамках закона», – деді Айдын Қабдулдинов.
Кеңес барысында қатысушылар түсірілім алаңдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жобаға қатысушыларды сүйемелдеу, жол қозғалысын ұйымдастыру, жергілікті атқарушы органдармен және түсірілім ұйымдастырушыларымен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ықтимал төтенше жағдайларға ден қою алгоритмдері мәселелерін қарастырды.
Полиция барлық қажетті ұйымдастыру және алдын алу шаралары алдын ала қабылданғанын хабарлады. Қазіргі уақытта бөлімшелер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өз міндеттерін әдеттегі режимде орындауды жалғастыруда.
