«Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті
Коллаж: Qazaqtoday.info
Танымал актер Азамат Сатыбалды мен актриса Жұлдыз Әбдукәрімова көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram парақшасында суреттермен бөлісіп, жаңа спектакльдің премьерасы өтетінін хабарлады.
«Бұл спектакль – махаббат туралы ғана емес. Сезімді тұрмыс жеңгенде, бір кездері бір-бірін шексіз сүйген екі адамның уақыт өтпей алмаған жараларының ізі жайлы…»,– деп жазды актриса.
Жарияланған суреттер желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Көпшілік Азамат Сатыбалды мен Жұлдыз Әбдукәрімованың сахнадағы үйлесімін жоғары бағалап, түрлі пікірлер жазды.
«Қайрат шалқасынан түспесін», «Шошып кеттік қой», «Қайратқа күшті жауап болды», «Екеуі күшті жарасып тұр», «Әйелің әртіс болмасын деген сурет екен», «Жұлдыздың жауабы күшті болды», – деп жазды көпшілік.
