Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Жамбыл облысында фосфор зауытындағы жарылыстан 26 жасар жұмысшы мүгедек болды Месси мен Кейн кездеседі: Әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды Макгрегордың тарихи оралуы мерзімінен бұрын аяқталды Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Жамбыл облысында фосфор зауытындағы жарылыстан 26 жасар жұмысшы мүгедек болды Месси мен Кейн кездеседі: Әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды Макгрегордың тарихи оралуы мерзімінен бұрын аяқталды Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді

«Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты

«Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты

Коллаж: Qazaqtoday

Қазақстандық танымал әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында өнер иелерінің  саяси партияға мүше болуы мен кандидат ретінде ұсынылуына қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Өнер иесі жазбасында қоғамдағы бұл құбылысқа қатысты бірнеше сауал көтеріп, өз көзқарасын жеткізді.

«Әншілік мамандықтың партияға мүше болып, кандидаттыққа ұсынылуы осынша қоғамда диссонанс тудырғаны ерекше құбылыс.
Демек белсенді азаматшалардың түсінігінде өнер адамы, саясаттан, қоғамдық жұмыстан ада жүруі керек деген ой бар ма? Әлде әншілік мамандық осынша интернетті басына көтеретіндей өте мықты немесе жеккөрініш мамандық па? Әр адамның жүрегінде елге пайда, қоғамға қызмет жасағысы келетін саяси сұраныс бар. Партияның ұсынысын қабыл алуға ата-анадан алған тәрбием, жинаған білімім, ғылыми дәрежем, өмірлік тәжірибем сүйену!
Сайлау науқаны енді басталды, сайлаушы партиялардың белсенділігі мен өтімділігі өз нәтижесіне жеткен жоқ. Үгіт-насихат жұмыстарын ешкім бастаған жоқ. Кандидат деген 100% депутат емес. Мерзімінен бұрын асығыс пікір білдіру өзге емес, өзіңе жасаған қиянат.
“Жақсы айтты деп сүйінбе, жаман айтты деп күйінбе. Сүйінсең мақтанып кетесің, күйінсең өзіңді жоғалтасың”… деп еді әкем. P.S. Ардақты АҒАЙЫН!!!
Қуанып жақсы пікір білдіріп, құттықтағандарға көп-көп рақмет!!!
Ал құлақты кесіп, төбені тесіп пост арнап, арнайы парақшасынан орын беріп, күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып, жолымды ашып жатқандарға мың рақым. Сіздердің әрекеттеріңіз мені шынықтыруда. Жалғасы бар»,– деді әнші.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →