Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Қостанайда пойыз вагонына шығып суретке түспек болған 16 жастағы баланы тоқ соқты «Өмірімдегі ең ауыр күн болды»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі қара жамылды «Өз отбасымен бақытты көрінеді»: Тойға келмеген Тұрсынбек Қабатов қыздарымен көзге түсті Алматыда 100 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді Көкшетау-Қостанай тасжолының сиқы халықты шаршатты Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін ұлттық мерекемен құттықтады Қостанайда пойыз вагонына шығып суретке түспек болған 16 жастағы баланы тоқ соқты «Өмірімдегі ең ауыр күн болды»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі қара жамылды «Өз отбасымен бақытты көрінеді»: Тойға келмеген Тұрсынбек Қабатов қыздарымен көзге түсті Алматыда 100 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді Көкшетау-Қостанай тасжолының сиқы халықты шаршатты Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

«Сүйінші жаңалығым бар»: Динара Сәтжан болашақ келініне сырға салды

«Сүйінші жаңалығым бар»: Динара Сәтжан болашақ келініне сырға салды

Танымал тележүргізуші, продюсер Динара Сәтжан отбасындағы қуанышты жаңалығымен  бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ол жалғыз ұлы Даниалдың шаңырақ көтергелі жатқанын айтып, болашақ келініне қазақтың дәстүрі бойынша сырға салу рәсімі өткенін айтты.

«Қуанышты бөліссең, көбейеді деген сөз бар қазақта. Менің де сіздерге айтар сүйінші жаңалығым бар. Бүгін болашақ келінімізге сырға салдық. Мен Айнұрды 4 жылдан бері танимын. Даниал әскерге кеткенде, Айнұр екеуіміз бірге барып жүрдік. Сол кезде ұлымның жар таңдауда қателеспегеніне риза болдым. Айнұр тек сүйген жары ғана емес, ұлымның артындағы сенімді тірегі болатынына көзім жетті», – деді Динара Сәтжан.

Тележүргізушінің айтуынша, сырға салу рәсімі екі жақтың танысып, құдалықтың алғашқы қадамын жасаған маңызды күн болған. Ол болашақ құдаларының алдынан өтіп, қазақы дәстүрге сай сый-сыяпаттарын  апарғанын жеткізді.

«Сырға салу — ең әдемі, тағылымға толы дәстүр. Тіпті, жұбайлық өмірдің алғашқы баспалдағы десек те болады. Ең бастысы — құдалардың алдынан өттік, батасын алдық. Алда ұлымның үлкен тойы. Қалай болар екен деп уайымдап та қоямын. Қасымда ақылшы, жанашыр қос мамам, жөн-жоралғыны жақсы білетін қайын әпкелерім, жаныма тірек болатын жарым бар. Сондықтан тойдың дайындығын да ерекше ықыласпен бастап кеттік», – деді ол.

Желі қолданушылары Динара Сәтжанды қуанышты жаңалығымен құттықтап, жас жұбайларға бақыт пен баянды ғұмыр тіледі. Көпшілік болашақ келінге ақ тілегін жаудырып, енесі мен келінінің ұқсастықтарын жазды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →