Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 19 шілде 2026 $ 471,6 539,3 6,03
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді Иранның Иорданиядағы базаға шабуылынан екі америкалық әскери қаза тапты «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді Иранның Иорданиядағы базаға шабуылынан екі америкалық әскери қаза тапты

    Маңғыстау облысының теміржол станциясында кезекші қызметкер өлі күйінде табылды

    Маңғыстау облысының теміржол станциясында кезекші қызметкер өлі күйінде табылды

    Фото: lada.kz/aktau

    Маңғыстау облысындағы теміржол станцияларының бірінде жұмыс орнында жол айырығының кезекші қызметкері өлі күйінде табылды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, өлімнің мән-жайы анықталып жатыр, деп жазады Qazaqtoday.info агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме.

    Басылымның мәліметінше, 5 шілде күні таңертең Маңғыстау облысындағы №13 жол айырығы станциясында 1983 жылы туған кезекші қызметкердің денесі табылған.

    Бұл ақпаратты Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

    «Теміржол ұйымы қызметкерінің кенеттен қайтыс болуы бойынша Маңғыстау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлады ведомство.

    Алдын ала мәлімет бойынша, қызметкердің өліміне созылмалы жүрек ауруы себеп болуы мүмкін.

    «Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шақырылған. Дәрігерлер келген кезде қызметкердің қайтыс болғанын растаған

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →