Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Шығын Жұмабектің мойнында: Динара Сәтжан күйеуінің бұрынғы отбасы туралы айтты (ВИДЕО) Сүйектері сынған: Павлодарда реанимобиль қаққан 76 жастағы әженің жағдайы белгілі болды Қабылдау кезінде дәрігерді қорлаған қазақстандық 10 тәулікке қамалды Қос әншінің арманы: Тамара Асар мен Аша Матай Құрылтайдың депутаттары атану үшін саяси додаға қатыспақ Валюта мен бетон арасындағы үзілген байланыс: теңге нығайғанда цемент неге қымбаттайды? Төрт қазақстандық Алтай Республикасында жол апатынан зардап шекті Шығын Жұмабектің мойнында: Динара Сәтжан күйеуінің бұрынғы отбасы туралы айтты (ВИДЕО) Сүйектері сынған: Павлодарда реанимобиль қаққан 76 жастағы әженің жағдайы белгілі болды Қабылдау кезінде дәрігерді қорлаған қазақстандық 10 тәулікке қамалды Қос әншінің арманы: Тамара Асар мен Аша Матай Құрылтайдың депутаттары атану үшін саяси додаға қатыспақ Валюта мен бетон арасындағы үзілген байланыс: теңге нығайғанда цемент неге қымбаттайды? Төрт қазақстандық Алтай Республикасында жол апатынан зардап шекті

Египет, Англияға ұшып жүрген: Ақтөбедегі сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

Египет, Англияға ұшып жүрген: Ақтөбедегі сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

Фото: © istockphoto.com

Ақтөбеде жеке сот орындаушысы жұмысындағы көптеген заңбұзушылық үшін лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты «Диапазонға» сілтеме жасап.

Әділет министрлігі сот арқылы сот орындаушысы Манап Ниязбаевты лицензиясынан айыруды талап етті. Тексеру барысында оның жұмысынан бірқатар заңбұзушылық анықталған.

Атап айтқанда, ол миллиондаған теңге қарызы бар борышкерлердің елден шығуына тыйым салу бойынша шара қабылдамаған. Соның салдарынан олар Мысыр, Англия және Польшаға емін-еркін ұшып барған.

Бұдан бөлек, сот орындаушысы борышкерлердің есепшотынан ақша шешіп алған. Алайда тексеру кезінде бұл қаражаттың өндіріп алушылар арасында бөлінгені туралы мәлімет болмаған.

Жауапкердің өзі сотта заңбұзушылықтардың едәуір бөлігін жойғанын айтып, талап-арызды қанағаттандырмауды сұраған. Бірақ сот ведомствоның талабын қанағаттандырып, оны лицензиясынан айырды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика