Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады • «Жаңа адамдар» Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік көрмесіне қатысты • Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты • Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды • ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады • «Жаңа адамдар» Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік көрмесіне қатысты • Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты • Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды •

    Құтқару жұмысы баяу: Венесуэла билігі жер сілкінісінен қаза тапқандар санынан жаңылды

    Құтқару жұмысы баяу: Венесуэла билігі жер сілкінісінен қаза тапқандар санынан жаңылды

    Венесуэлада жойқын 2 жер сілкінісінен опат болғандар саны 3685 адамға жетті. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлаған.

    Сонымен қатар із-түзсіз жоғалғандар санында үлкен айырмашылық болып тұр. Елдегі азаматтық ұйым билік 25 маусымнан бері хабар-ошарсыз кеткендер туралы ақпаратты жаңартпағанын айтады. Үкімет ол кезде 157 адамның табылмай отырғанын мәлімдеген еді. Ал азаматтық ұйым ұшты-күйлі жоғалғандар туралы 31 мың хабардың келіп түскенін алға тартады.

    Жараланғандар қатары 16 мың 800-ге жуықтаған. Жалпы 190 ғимарат жермен-жексен болды. Үкімет апат аймақтарына 30 мыңға жуық сарбаз бен полиция жіберген. Бірақ ауыр техника өте тапшы. Сондықтан қирандыларды аршып, астындағы адамдарды шығару ісі баяу жүріп жатыр.

    Дереккөз: 24.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →