Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Австралияның тәжірибесі: Қазақмыс тау-кен қазбаларын бақылаудың инновациялық жүйесін сынақтан өткізуде «Екі бірдей аруды бақытты етпек»: ажырасқан блогер қайта тұрмыс құратынын айтты Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Австралияның тәжірибесі: Қазақмыс тау-кен қазбаларын бақылаудың инновациялық жүйесін сынақтан өткізуде «Екі бірдей аруды бақытты етпек»: ажырасқан блогер қайта тұрмыс құратынын айтты Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО)

Сүйектері сынған: Павлодарда реанимобиль қаққан 76 жастағы әженің жағдайы белгілі болды

Сүйектері сынған: Павлодарда реанимобиль қаққан 76 жастағы әженің жағдайы белгілі болды
Павлодарда реанимобиль жаяу жүргіншілер өткелінде 76 жастағы әйелді қағып кетті.

Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының мәліметінше, оқиға Академик Сәтбаев көшесінде бірінші санаттағы шұғыл шақыртуға бара жатқан кезде болған.

«Реанимобиль қосулы тұрған арнайы жарық және дыбыс белгілерімен жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан сәтте өткелге әйел шыққан. Оқиғадан кейін 103 қызметкерлері оған бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізді», – деп хабарлады жедел жәрдем стансасы.

Шақырту кейін басқа жедел жәрдем бригадасына берілген.

Дәрігерлердің мәліметінше, зардап шеккен әйелдің балтыр сүйектері сынған, сондай-ақ денесінің әр жері көгеріп, сырылған. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Павлодар облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасына байланысты тексеру басталғанын мәлімдеді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →