Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ауыл шаруашылығы министрлігі шетелден алма әкелуге уақытша тыйым салды Президент Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады Ұлттық қордан бөлінетін 5 трлн теңге инфляцияны өршітпейді — Сүлейменов Қарағанды тұрғыны суретін рұқсатсыз жариялағаны үшін 100 мың теңге өндіріп алды Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ке түсірді Құрылыс бағдарламасын жүзеге асыру отандық бизнеске серпін беруі тиіс — Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрлігі шетелден алма әкелуге уақытша тыйым салды Президент Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады Ұлттық қордан бөлінетін 5 трлн теңге инфляцияны өршітпейді — Сүлейменов Қарағанды тұрғыны суретін рұқсатсыз жариялағаны үшін 100 мың теңге өндіріп алды Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ке түсірді Құрылыс бағдарламасын жүзеге асыру отандық бизнеске серпін беруі тиіс — Олжас Бектенов

    Алматыда түнгі отбасылық жанжал өліммен аяқталды

    Алматыда түнгі отбасылық жанжал салдарынан 59 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қаза тапты. Күдікті өгей ұлы ұсталды.

    Алматыда түнгі отбасылық жанжал өліммен аяқталды

    Сурет: tengrinews.kz

    Алматыда отбасылық жанжал кезінде ер адам қаза тапты. Күдікті ретінде оның өгей ұлы ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қалалық полиция департаментінің Instagram-дағы мәліметінше, дүйсенбі, 6 шілде күні таңғы сағат үш шамасында 102 арнасына Брусиловский көшесіндегі үйдің бір пәтерінде пышақтау оқиғасы туралы хабар түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы келді.

    Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, 59 жастағы ер адамды құтқару мүмкін болмады — ол көптеген пышақ жарақаттары мен қатты қан жоғалтудан қайтыс болды.

    Алмалы аудандық полиция қызметкерлері күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. Ол қайтыс болған ер адамның 34 жастағы өгей ұлы болып шықты. Алдын ала деректер бойынша, отбасылық жанжал кезінде ол ер адамға асхана пышағымен бірнеше рет соққы жасаған. Күдікті оқиғаның бір нұсқасы ретінде жанжалдың анасына қатысты даудан кейін туындағанын айтқан. Бұл мән-жайлар тергеу барысында мұқият тексерілетін болады, — делінген хабарламада.

    Тұрмыстық өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицияның айтуынша, болған қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →