Негізгі мазмұнға өту
Today Live

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға қатысты Президентке ұжымдық арыз жолданды

Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері Президентке ұжымдық арыз жолдап, министр Жұлдыз Сүлейменованы қызметінен босатуды сұрады.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға қатысты Президентке ұжымдық арыз жолданды

Дереккөз: Democrat.kz сайтынан

Оқу-ағарту министрлігінің қазіргі және бұрынғы қызметкерлері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұжымдық арыз жолдап, онда министр Жұлдыз Сүлейменованы қызметінен босатуды сұраған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Арызда министрліктегі психологиялық қысым, жаппай кадрлық ауыс-түйіс, жұмыстан шығару қаупі, буллинг, демалыс күндері жұмысқа мәжбүрлеу, сондай-ақ кадрлық тағайындаулар мен марапаттардың әділдігіне күмән келтірілген.

Құжатқа сәйкес, ондаған бұрынғы басшы жұмыстан босатылған, ал бірқатар қазіргі қызметкер тәртіптік жаза алып, жұмыстан шығарылу алдында тұр.

Арыз авторлары уәкілетті органдарға сенбейтінін білдіріп, Президенттен тәуелсіз тексеру жүргізуді, қызметкерлерді қысымнан қорғауды және Жұлдыз Сүлейменованы қызметінен босату мәселесін қарауды сұраған.

Айта кетейік, бұл арыз авторларының мәлімдемесі. Оқу-ағарту министрлігі әзірге құжатқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика