Негізгі мазмұнға өту
Today Live

«Баянның жаулары жиналған»: Мөлдір Әуелбекова мен Балжан Бидаш бірге көзге түсті

«Баянның жаулары жиналған»: Мөлдір Әуелбекова мен Балжан Бидаш бірге көзге түсті

Коллаж: qazaqtoday.info

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың даулы мәлімдемесінен кейін Мөлдір Әуелбекова мен Балжан Бидаш бірге көзге түсті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

Мөлдір Әуелбекова жеке парақшасында Балжан Бидашпен бірге түскен суретін жариялап, «Әдемі қыздар», – деп жазба қалдырған.

Айта кетейік, бұған дейін Баян Алагөзова «Кешью» тобы туралы деректі фильмде Балжан Бидаш пен Мөлдір Әуелбекованың сырт келбетіне қатысты пікір білдіріп, қос әнші концертке қатысудан бас тартқан еді.

Бұл жолы өнер иелері Балжан Бидаштың жаңа альбомының таныстырылымында бірге бой көрсетті. «Кешью» тобының 20 жылдық мерейтойлық концертіне қатыспаған Мөлдір Әуелбекова мен Балжан Бидашты бірге көрген желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.

«Концертке қатыспаған екеу», «Қос құрбы», «Ұстаздың шәкірттері десеңізші», «Баянның жаулары ма, бәрің жиналып қалыпсыңдар ғой», – деп жазды олар.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика