Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті

    «Топырағы торқа болсын»: Белгілі қазақ журналисі өмірден өтті

    «Топырағы торқа болсын»: Белгілі қазақ журналисі өмірден өтті

    Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Жазушы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облысындағы өкілі, Қазақстанның Құрметті журналисі Жанұзақ Аязбеков дүниеден өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Қайғылы хабар туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеп, Жанұзақ Аязбековтің дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына, әріптестері мен барша оқырман қауымға қайғыра көңіл айтты.

    «Жанұзақ Аязбеков саналы ғұмырын қазақ журналистикасы мен әдебиетінің дамуына арнап, тағылымды туындыларымен оқырман ықыласына бөленді. Еңбек жолын Қостанай облыстық телерадио комитетінде бастап, өңірлік радио мен баспасөз саласында жауапты қызметтер атқарды. Кәсіби білімі мен мол тәжірибесін елдік мүддеге жұмсаған азаматтың журналистика мен руханият саласындағы еңбегі әрдайым жоғары бағаланды.

    Жанұзақ Аязбековтің жарқын бейнесі, ғибратты ғұмыр жолы мен артында қалдырған шығармашылық мұрасы ел есінде сақталады. Марқұмның жаны жәннаттан жай тауып, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!», — делінген министрлік хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →