Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді

Жаңа Конституцияға қатысты құжаттар Президент архивіне тапсырылды

Жаңа Конституцияға қатысты құжаттар Президент архивіне тапсырылды

Президентінің архиві жаңа Ата заңды қабылдау бойынша Конституциялық комиссияның құжаттарын қабылдады.

Олар тек қағаз күйінде ғана емес, электронды форматта да жіберілді. Мемлекеттік сақтауға берілген құжаттар арасында Комиссияның қызметі мен конституциялық реформаны қоғамдық талқылау барысын көрсететін дыбыс жазбалары, цифрлық фотосуреттер және бейнематериалдар бар. Сондай-ақ тізімге конституциялық реформаны қоғамдық талқылау барысында азаматтар мен азаматтық қоғам институттарынан келіп түскен 12 мың өтініш пен ұсыныс кірді. Бұл материалдар ғылыми және практикалық қызметте ерекше рөл атқаратын болады. Олар тәуелсіз Қазақстан тарихы, конституциялық құқық, мемлекеттік басқару, саяси тарих және архив ісі саласындағы зерттеулер үшін өте құнды базаның қайнар көзіне айналады.

Әлия Мұстафина, ҚР Президенті архивінің директоры: — Бұл құжаттардың маңыздылығы, құндылығы ерекше. Өйткені еліміздің тағдырын айқындаған шешімдер қалай қабылданғаны, конституциялық реформалардың әзірленіп, жүзеге асырылғанын түпнұсқа архивтік құжаттар арқылы болашақ ұрпақ ертеңгі күні жан-жақты зерделей алады.

Майя Төлендиева, ҚР Конституциялық сотының құжаттамалық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі: — Мұнда Конституция баптарының жобалары, сараптамалық қорытындылар, отырыс материалдары, талдау және салыстырмалы құқықтық нормалар, халықаралық тәжірибе мен тарихи жадымызды зерделеу бойынша ауқымды, орасан зор еңбек жинақталған.

Бұл материалдар оңтайлы конституциялық шешімдерді іздеудің күрделі әрі жауапты процесінің айғағы. Алдағы уақытта бұл құжаттар архив қорының құнды бөлігіне айналатынына және оған деген қызығушылық әрдайым жоғары болатынына сенімдімін.

Фото: Президенті архиві

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →