Басты бет » Танымал блогер төрт баласының көз алдында оққа ұшты

Танымал блогер төрт баласының көз алдында оққа ұшты

Фото: pixabay.com

Бразилияда 26 жастағы блогер Памела Гимарайнс қарулы шабуылдан көз жұмды. Қайғылы оқиға оның өз үйінің маңында болған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз ер адам блогердің үйінің алдына көлікпен келген. Кейін оны сыртқа шақырған. Памела қақпаға жақындағанымен, бір ауыз сөзден соң қайтадан аулаға қарай бұрылған. Сол сәтте күдікті оған оқ атқан.

Оқиғаның ең ауыр тұсы – шабуыл кезінде Памеланың төрт баласы да жанында болған.

Ауыр жарақат алған блогер дереу ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Памела Гимарайнс әлеуметтік желіде күнделікті өмірі, сән әлемі және ана болу тақырыбындағы жазбаларымен танымал болған. Мәліметке сүйенсек, оның кенже баласы бірнеше ай бұрын ғана дүниеге келген.

Блогердің парақшасындағы соңғы видеосы 25 сәуірде жарияланған. Онда: «Егер сен маған мың рет мұқтаж болсаң – мен мың рет қасыңнан табыламын…» деген жазу болған.

Қазір полиция қылмысқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктіні іздеу жұмыстары жалғасуда.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика