Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • «Шымыр»: Ержанов сценарийі Матжановтың қолында қалай жанданды • Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды • Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты • Атырау маңында Орал өзені жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • «Шымыр»: Ержанов сценарийі Матжановтың қолында қалай жанданды • Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды • Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты • Атырау маңында Орал өзені жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді •

    Жаңа адамдар қозғалысының негізін қалаушы эфирде Конституциясың ерекшеліктерін саралады

    Жаңа адамдар қозғалысының негізін қалаушы эфирде Конституциясың ерекшеліктерін саралады

    Жаңа адамдар қозғалысының негізін қалаушы, Әділет партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Асель Баденова «Еуразия» телеарнасының эфирінде Қазақстанның жаңа Конституциясы жайлы пікір білдірді:

    Президент атап өткендей, Конституцияның авторы – қоғамның өзі: белсенді азаматтар, жастар, журналистер. Ашық диалогтың арқасында көптеген қоғамдық бастамалар ескеріліп, Ата заңда көрініс тапты.

    Жаңа Конституция әділеттілікті, адамның қадір-қасиетін, оның құқықтары мен бостандықтарын, заң үстемдігін, жауапкершілік пен қоғамдық келісімді жоғары құндылықтар ретінде айқындап, Қазақстан дамуының жаңа кезеңін бастайды.

    Бүгін осы қағидаттарды өмірде жүзеге асырудың ең жауапты кезеңі басталды.

    Басты міндет – Конституция нормаларын нақты әрекеттермен толықтыру. Бұл қағидаттардың іс жүзінде қаншалықты жүйелі әрі дәйекті жүзеге асырылатыны қоғамның реформаларға деген сенімін және олардың әрбір азамат үшін қаншалықты нәтиже беретінін айқындайды.

    Конституцияда бекітілген қағидаттар тек құқықтық нормалар ғана емес, қоғам үшін адамгершілік бағдарына айналып, азаматтарды ел игілігі жолындағы жасампаздыққа, дамуға және еңбек етуге жігерлендіруі тиіс.

    Конституция бойынша жұмыс енді талқылауларда емес, күнделікті әрекеттерде, бастамалар мен шешімдерде жалғасады. Конституциялық құндылықтар өмірдің ажырамас бөлігіне айналып, Әділетті Қазақстанның берік негізін қалайды.

    Фото: Ақорда

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →