Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты • Астанада ер адамды үш метрлік траншеядан экскаватормен шығарды • Жаңаөзенде жеті айлық нәресте желдеткіштен үш саусағынан айырылды • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты • Астанада ер адамды үш метрлік траншеядан экскаватормен шығарды • Жаңаөзенде жеті айлық нәресте желдеткіштен үш саусағынан айырылды •

    «Есікті тарс жаптым»: Мереке Қалбаева жақын адамынан қорлық көргенін айтты (ВИДЕО)

    «Есікті тарс жаптым»: Мереке Қалбаева жақын адамынан қорлық көргенін айтты (ВИДЕО)
    Фото: ашық дереккөз

    Белгілі жайдарманшы, әнші Мереке Қалбаева өнердегі аға буынмен болған келеңсіз оқиғаны айтып берді, деп жазады Qazaqtoday.info.

    Әзілкеш бұл туралы YouTube желісіндегі «Болған оқиға» подкасында баяндап берді.

    — Өнердегі бір әпшеммен отырыста бірге болдым. Караокеге барсам да, сол кісінің әндерін айтып, жақсы көретін едім. Инстаграмда белгілеп саламын. Бірақ, өзіне көшіріп алмайды ешқашан. Сол отырыста «Сен мүлде ән айтпашы» дейді. Ол кісі үстелдің ана бұрышында отыр. Мен мына бұрышында отырмын. Өзімен-өзі тұрды да солай деді. Ана жерде қаншама адамдар отыр. «Сенің дауысың мүлде жоқ. Сен мұрынмен айтасың» дейді маған. «Әпше, мен қай жерден дауыс шығады. Сол жермен ән айтқым келеді» дедім. Әу демейтін қазақ жоқ. Кез келген қазақтың дауысы бар. Ән айтқысы келеді. Мен өнерді қатты жақсы көремін. Ерегіскім келмей тұр. Әңгімені әдемі жапқым келді. Ол кісіні мен қатты сыйлаймын. Ең жақсы көретін адамдарымның бірі ғой. «Сен той да жүргізбеші, ей» дейді маған. «Еш нәрсе істемеші!» дегенге келтіріп тұр. Шыдай алмай кеттім. «Әпше, ешкім жетіскеннен жүрмейді! Жетіспегеннен жүреді. Жетіспеді ме? Қолымнан не келеді. Соның бәрін істеймін. Есектің артын жусам да, ақша табамын. Ол маған нәпақа әкеліп тұр ма? Мен соны істеймін» дедім. Кинодағыдай бұрылдым. Есікті тарс жаптым да, жылап шығып кеттім, -деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →