Басты бет » ШҚО-да өзгеріп кеткен өзеннің түсіне ел алаңдаулы

ШҚО-да өзгеріп кеткен өзеннің түсіне ел алаңдаулы

Фото: turkystan.kz

Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысындағы өзендердің бірі кенеттен қою қызғылт сары түске боялғаны туралы бейнежазба тарап, жұртшылықтың наразылығын тудырды, деп жазады Qazaqtoday.info.

Видео авторы бұл экологиялық сұмдықтың Снегирев кенішіне баратын жолда түсірілгенін нақты айтып отыр. Судың мұндай қауіпті түске енуі жергілікті тұрғындар арасында үрей туғызып, өндіріс қалдықтарының заңсыз төгілуі туралы күдікті күшейтті.

Қазіргі уақытта бұл мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында ШҚО әкімдігі мен құзырлы мемлекеттік органдарға ресми сауалдар жолданды. Табиғат жанашырлары мен белсенділер кен орны маңындағы бұл жағдайды шұғыл тексеріп, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етуде. Ресми органдардың нақты зерттеу нәтижелері мен бұл жағдайға қатысты берер түсініктемесі алдағы уақытта жарияланады.

Видео: halyqpress.kz

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика