Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • «Шымыр»: Ержанов сценарийі Матжановтың қолында қалай жанданды • Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • «Шымыр»: Ержанов сценарийі Матжановтың қолында қалай жанданды • Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды •

    Жігітті қарызға батырмаңдар: ҚМДБ мәһрдің мөлшерін нақтылады

    Жігітті қарызға батырмаңдар: ҚМДБ мәһрдің мөлшерін нақтылады

    Фото: ЖИ

    Басқарма екі жақтың разылығы болмаса, неке заңсыз әрі дұрыс саналмайтынын еске салады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Сонымен қатар, ҚМДБ оның 4 негізгі шартын мысал етті. Біріншісі – қыз баланың ата-анасының келісімі мен ризашылығы, екіншісі – куәгерлердің қатысуы, үшіншісі – кедергілердің болмауы және төртіншісі – мәһр.

    – Мәһр – ер адамның неке қиылу барысында қалыңдыққа өз ризашылығымен беретін шариғи сыйы. Ханафи мәзһабында мәһрдің ең төменгі шегі – 10 дирхам. Сахабалар өмір сүрген заманда 10 дирхам бір алтын динарға тең болған. Бұл қазіргі өлшеммен 4,25 грамм алтын немесе соған тең келетін ақшалай қаражатқа (нарықтағы құнына) сәйкес келеді. Мәһрдің мөлшерін ер-азаматтың материалдық мүмкіндігіне қарап, отбасының әлеуметтік жағдайын ескере отырып айтқан жөн. Өйткені, мәһр күйеу жігітті қарызға батыратындай көп немесе қыздың көңілін қалдыратындай аз болмауы керек, – деп мәлім етті ҚМДБ.

    Сондай-ақ, басқарма күйеу жігіттің мәһрді бірден беруге шамасы жетпесе, оның бір бөлігін алдын ала беріп, қалғанын кейін өтейтінін жеткізді. Тақырыптар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →