Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» газ құбырында жарылыс болды, Қазақстанға әсері жоқ • Үкімет ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетуді тапсырды • Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» газ құбырында жарылыс болды, Қазақстанға әсері жоқ • Үкімет ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетуді тапсырды • Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді •

    Криптовалютамен заңсыз айналысқан кәсіпкер 94 млн теңге табысқа кенелген

    Алматыда цифрлық активтердің айналымы саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызмет тоқтатылды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

    Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Алматы қаласының тұрғыны 2019-2022 жылдар аралығында криптовалюта айырбастаумен айналысып, сол арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді заңсыз айналымға түсіріп, ірі көлемде пайда тапқан.

    Тергеу барысында интернет-ресурс тіркеусіз және қаржылық қызмет көрсетуге лицензиясыз түрлі криптовалюталарды сатып алу-сату қызметтерін көрсеткені анықталды.

    «Binanсe» крипто-әмиянына түскен қаражат көлемі – 693 мың доллар немесе шамамен 310 миллион теңге, ал 2020-2021 жылдардағы жеке кәсіптің жалпы жылдық кірісі 94 млн теңгеге жуықтаған.

    Сот жеке кәсіпкерді кінәлі деп танып, айыппұл төлеу жазасын тағайындады.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →