Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • «Шымыр»: Ержанов сценарийі Матжановтың қолында қалай жанданды • Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • «Шымыр»: Ержанов сценарийі Матжановтың қолында қалай жанданды • Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды •

    Шұлық тығып тұншықтырған: небәрі 5 айлық сәбиін өлтірген әке 15 жылға сотталды

    Шұлық тығып тұншықтырған: небәрі 5 айлық сәбиін өлтірген әке 15 жылға сотталды

    Бала бірнеше күн дәрігерлер бақылауында болғанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.  Өзбекстанның Науаи облысында 5 айлық сәбиінің өліміне себеп болған ер адам сотталды, деп жазады Qazaqtoday.info. 

    Тергеу дерегінше, ол жылаған баланы тыныштандыра алмаған соң ауыр әрекетке барған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Іс материалдарына сәйкес, ер адам екінші әйелінен туған кішкентай ұлына қатысты зорлық жасаған. Соның салдарынан сәби ауыр жарақат алып, Хатырчы ауданындағы аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

    Дәрігерлер баланың өмірі үшін бес күн бойы күрескенімен, оны аман алып қала алмады. Қайғылы жағдайдан кейін ер адам қалыпты өмірін жалғастырған. Ол тіпті махалла есебінде тұрғаны да анықталған. Сот істі қарап, ер адамды кінәлі деп таныды. Нәтижесінде оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Фото: smartnews.kz

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →