АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс қайта жанданды
АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс қайта жанданды. Иран 25 маусымда кемеге шабуыл жасап, АҚШ 26 маусымда жауап ретінде Иранның зымыран қоймасына соққы берді.
АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс қайта өршіді. 9 күн бұрын тараптар келісімге келгенімен, жағдай күрт өзгерді. Иран 25 маусымда Ормуз бұғазы арқылы өтіп бара жатқан сауда кемесіне камикадзе-дронмен соққы жасады. АҚШ жауап ретінде 26 маусым кешке Ирандағы зымырандар мен дрондар сақталған қоймаға шабуыл жасады. АҚШ жіберген снаряд елдің оңтүстігіндегі Сирик портының пирс аумағына түскен. Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
