Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Аяқ-қолын байлап, қамап қойған»: Атырауда 90 жастағы қария туған ұлынан қорлық көрген

    «Аяқ-қолын байлап, қамап қойған»: Атырауда 90 жастағы қария туған ұлынан қорлық көрген

    Фото: atr.kz

    Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 90 жастағы қартқа өз баласы ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылық көрсетіп келген, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Алдын ала мәлімет бойынша, туған ұлы қарт әкесін үйдің бір бөлмесіне қамап, оның еркін шығуына шектеу қойған. Сондай-ақ ол әкесіне тамақ пен су бермей, қол-аяғын байлап тастаған. Қарт адам мүмкіндік туған сәтте үйден қашып кеткен. Кейін ол жақын туысының үйіне барып, болған жайтты баяндаған.

    Атырау облыстық полиция департаметі ұрып-соғу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

    — Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, — деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →