Басты бет » Францияда қатты ыстықтың салдарынан екі бүлдіршін қайтыс болды

Францияда қатты ыстықтың салдарынан екі бүлдіршін қайтыс болды

Фото: Pixabay

Францияның оңтүстік-шығысындағы Карпантра қаласында отбасылық көліктен екі және төрт жастағы екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Прокуратураның мәліметінше, балалар көлік ішінде өлі күйінде табылған. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Жергілікті прокурор Элен Мурждің айтуынша, оқиғаның негізгі нұсқаларының бірі – аптап ыстықтың әсері.

«Өлімнің нақты себебі әлі анықталған жоқ, алайда негізгі нұсқа ретінде қатты ыстық қарастырылып отыр», – деді прокурор.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауды жалғастыруда. Сот-медициналық сараптаманың ресми қорытындысы әзірге жарияланған жоқ.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика