Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан садақшылары блоктық садақ атудан әлем кубогінде алтын мен күміс алды • Жамбыл облысында ұрылар 400-ге жуық малды айдап кеткен • Тоқаевтың сынынан кейін тасжолдардағы жүк көліктеріне тексеріс күшейді • Қазақстанда кредиттік рейтинг агенттіктерін реттейтін заң күшіне енді • Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды • Қазақстан садақшылары блоктық садақ атудан әлем кубогінде алтын мен күміс алды • Жамбыл облысында ұрылар 400-ге жуық малды айдап кеткен • Тоқаевтың сынынан кейін тасжолдардағы жүк көліктеріне тексеріс күшейді • Қазақстанда кредиттік рейтинг агенттіктерін реттейтін заң күшіне енді • Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды •

    Жетісудағы жемқорлық: әкімдік киіз үйді үш есе қымбатқа алмақшы болған

    Жетісу облысының спорт және дене шынықтыру басқармасы киіз үйді 13 миллион теңгеге сатып алмақшы болған. Оның негізгі нақты құны — 4,5 млн теңге, деп хабарлайды Qazaq.today  ақпараттық агенттігі. 

    «Біз асыра сілтенген бағаларға ғана мониторинг жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының сақталу заңдылығын да бақылап отырамыз. Жыл басынан бері «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалымен бірлесіп өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Тек бір жерден негізсіз шарт жасасудың 70 фактісі анықталды», — деді Zakon.kz тілшісіне облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мақсат Жебегенов.

    Жалпы, мониторингтің арқасында жыл басынан бері жергілікті бюджеттің 616 миллион теңгесін үнемдеуге мүмкіндік туды.

    Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу қағидаларын бұзғаны үшін мемлекеттік мекемелердің бірқатар басшыларына жалпы сомасы 10 миллион теңгені құрайтын 50 айыппұл салынды.

    Ақпарат көзі: Zakon.kz 

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →