Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті • Уәде қайда, әкім мырза? Қараша келсе де, СҚО-дағы күрежол әлі жөнделмеді! • Елордадағы масқара: EXPO Boulevard-1 тұрғын үй кешенінің паркингін қайтадан кәріз суы басты • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды • Астанада жеке тұрғын үй өртенді • Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті • Уәде қайда, әкім мырза? Қараша келсе де, СҚО-дағы күрежол әлі жөнделмеді! • Елордадағы масқара: EXPO Boulevard-1 тұрғын үй кешенінің паркингін қайтадан кәріз суы басты • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды • Астанада жеке тұрғын үй өртенді •

    Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

    Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

    Фото: Видеодан скрин

    Ақтөбедегі автогаз құю бекетінде  қайғылы жағдай тіркелді. 19 маусым күні кешкі сағат 22:55 шамасында Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан автогаз құю станциясының аумағында автокөлік өртеніп, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Төтенше жағдай орнына келген өрт сөндірушілер қызыл жалынды небәрі сегіз минут ішінде толық өшірді. Олар қауіпті аймақтағы ірі жарылыстың алдын алып, өрттің одан әрі таралуына жол бермеді.

    Өртті сөндіру барысында автокөлік салонынан үш адамның мәйіті табылды, олардың екеуі – кәмелетке толмағандар. Бір зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.

    Оқиғаны жою жұмыстарына Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының мамандарын қоса алғанда, ТЖД-ның 50-ге жуық қызметкері және 10-нан астам техника бірлігі жұмылдырылған.

    Қазір өрттің шығу себептері анықталып, аталған факт бойынша қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →