Басты бет » Алматыда полицияның қызметтік көлігіне тас лақтырған әйел ұсталды

Алматыда полицияның қызметтік көлігіне тас лақтырған әйел ұсталды

Фото: Видеодан скрин

Алматыда полицияның қызметтік көлігіне тас лақтырған әйел ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Оқиға куәгерлердің видеосына түсіп, кейін әлеуметтік желіде тарады.

Бейнежазбада ересек әйелдің тұрақта тұрған полиция көлігіне қарай тас лақтырып жатқанын көруге болады. Осы әрекетінен кейін тәртіп сақшылары оны ұстаған. Полицейлерді көрген әйел қашуға тырысқанымен, алысқа ұзай алмаған.

Алматы қалалық полиция департаменті құқық бұзушының жеке басы анықталғанын хабарлады.

«Әйелдің жеке басы анықталды. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды», – деп мәлімдеді ведомство.

Полиция өкілдерінің айтуынша, әйелдің әрекеті түсініксіз болған. Оның психоэмоционалдық жағдайын тексеру үшін оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылған.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика