Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді • Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевті жылатып қойды (ВИДЕО) • Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды • Қар аралас жаңбыр: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді • Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевті жылатып қойды (ВИДЕО) • Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды • Қар аралас жаңбыр: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады •

    «Рақмет, «Қайрат!»: Дастан Сәтпаев әсерлі жазба жариялады (ФОТО)

    «Рақмет, «Қайрат!»: Дастан Сәтпаев әсерлі жазба жариялады (ФОТО)

    Коллаж: qazaqtoday.info

    Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаев әлеуметтік желідегі парақшасында алматылық Қайрат клубына алғыс білдіріп, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Футболшы өзінің өміріндегі ең маңызды жылдары «Қайратпен» байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, дәл осы клубта өсіп, білім алып, кәсіби тұрғыда дамуға мүмкіндік алған.

    «Рақмет, «Қайрат!» Өмірімнің ең маңызды жылдары осы клубпен байланысты. Осында өсіп, білім алып, күнде өзімді дамытуға тырыстым. Бұл клуб маған үлкен футболдағы алғашқы қадамымды жасап, арманымның соңынан жүруге мүмкіндік берді.», – деп жазды Сәтпаев.

    Сондай-ақ ол өзіне әрдайым қолдау көрсеткен жанкүйерлерге, академия мен негізгі құрамның бапкерлеріне, клуб басшылығына, клубтың бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев пен алаңдағы серіктестеріне алғыс айтты.

    «Қолдауын әрдайым сезінген жанкүйерлерге рақмет. Академиядағы барлық бапкерге, негізгі команданың бапкерлер штабына, клуб басшылығына, Қайрат Советайұлына, алаңдағы барлық серіктесіме алғыс айтамын! Сары-қара жейдені кию мен үшін үлкен мәртебе болды. Бұл сәттер жүрегімде мәңгі сақталады», – деді футболшы.

    Айта кетейік, бұған дейін Дастан Сәтпаевтың мансабын шетелде жалғастыруы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →